Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 рет шабуыл жасалған

0
620

ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды.


Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 рет шабуыл жасалған

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы арнасына сілтеме жасап.

ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды.

Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды.