1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылғы екі ер адам өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.
Ерекшеліктері: орта денелі, қысқа қара-қоңыр шашты, қоңыр көзді.
Үстінде сұр джемпер, көк джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.
1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурызда жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшамауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен.
Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қысқа қара, көзі қоңыр.