Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматы қаласында жоғалып кеткен мүмкіндігі шектеулі (меңіреу) отбасы байланысқа шыққан, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде отбасы мүшелерінің жағдайы жақсы екенін айтты.
"Отбасы туыстарына хабарласқан. Толық ақпаратты тексерістен кейін беретін боламыз.", - деді полицияда.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы полиция департаментіне біртұтас отбасы мүшелерінің жоғалып кеткендігі туралы арыз түскен еді. «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» бастамашыл тобының мүшесі Ислам Угушев 5 адамнан тұратын толық бір отбасы мүшелері жоғалып кеткендігі туралы айтқан. Олар 4 тамыздан бастап байланысқа шықпаған.