Блогерлер бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тарады. Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр Facebook желісіндегі парақшасында пранкерлер полицияға жеткізілгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Видео әлеуметтік желілерде тарады.
"Талқылау барысында блогерлердің пранк түсіріп, үстел қойып, онда шахмат ойнағаны, осылайша көлік қозғалысына кедергі келтіргені анықталды", - деді Әбілқайыр.
Үш пранкер (екі шахматшы және оператор) мынадай баптар бойынша жауапкершілікке тартылды: 606-бап ("Жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы"); 594-бап ("Жол қиылыстарынан немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту қағидаларын бұзу"); 615-бап ("Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы"); 591-бап ("Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы").