Алматыда жол бөлісе алмаған көлік жүргізушісі екіншісіне оқ атқан (видео)

0
856

Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр.


Алматыда жол бөлісе алмаған көлік жүргізушісі екіншісіне оқ атқан (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қалалық полициясы жолды бөлісе алмай, дүрдараз болған екі көліктегі бірінің тапанша қолдануына қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Бұл оқиғаның видеосы алдымен желіде жарияланды.

Бүгін таңертеңгі сағат 07: 40 шамасында жолды бөлісе алмаған Шевроле жүргізушісі алдымен тапаншаны бізге кезенді, бірақ одан қашып кеткенімізбен, ол бізді алдымыздан күтіп алды, сөйтіп ақыры көлікке қарай оқ атты, - делінген желіге жүктелген видео мен сурет астындағы жазбада.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр. 1983 жылы туылған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы өндіріс кезінде анықталады, деп хабарлады ведомствадағылар.