Алматыда жолдағы кикілжіңнің арты жаппай төбелеске ұласты

0
580

Аталған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді.


Алматыда жолдағы кикілжіңнің арты жаппай төбелеске ұласты

ERNUR.KZ. Алматылық әлеуметтік желіде жолда соқтығысқан екі көліктегі жолаушылардың қып-қызыл төбелесінің видеосы пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Болған оқиға сол маңдағы тоқтап тұрған көліктердің бірінің бейнетіркегішіне түскен.

Аталған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді.

Алматы қаласы ПД өкілінің айтуынша, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл істі тергеумен айналысады. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады", - деп жазады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.