Алматыда жүк көлігі жас баланы қағып кетті

0
441

Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.


Алматыда жүк көлігі жас баланы қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінде ГАЗ-53 көлігі жасөспірімді қағып кетті. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

"Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкогольге және есірткіге масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылды", – деді Іздестіру басқармасының басшысы Қайсар Төлебеков.

Полицияның анықтауынша, ол 2020 жылы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Жүргізуші қамауға алынды.