Алматыда жүк көлігінен секірген жүргізуші ауруханада қайтыс болды

0
662

Тежегіші істен шыққан ауыр жүк көлігі жол бойындағы трансформаторды, аялдаманы, бірнеше көлікті, үйдің қоршауын соғып барып бүйіріне құлаған.


Алматыда жүк көлігінен секірген жүргізуші ауруханада қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші ауруханада қайтыс болды, деп жазады 24.kz.

Қалалық Полиция департаментінде хабарлағандай, алған жарақатының ауырлығына байланысты дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.

Еске салайық, Алматыда кеше жантүршігерлік жол апаты болғаны туралы жазған болатынбыз. Дулати көшесімен жүйткіген ауыр жүк көлігі жылдамдығын төмендетпестен жол бойындағы трансформаторды, аялдаманы, бірнеше көлікті, үйдің қоршауын соғып барып бүйіріне құлаған.