Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды.
ERNUR.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің зиянды қалдықтарын азайту жөніндегі қосымша шаралар туралы мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Алматы әкімі Facebook-тағы өзінің парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.
"Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырудамыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті", - деп жазды мегаполис әкімі.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.
Бұрындары Алматы әкімі қалалық қоғамдық көлік паркінің экологиялық көгілдір отынмен жүретін 41 автобусқа жаңарғанын хабарлаған еді.