27 жастағы алматылық қала ортасында жол талғамайтын көліктен түсіп, бірнеше рет сальто жасаған
Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов хабарлады.
"Тексеру жүргізіп, құқық бұзушыны анықтадық – ол 1994 жылы туған О. деген азамат болып шықты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару) және 593-баптың 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", - деп хабарлады Әбдірахманов.
Бірінші бап бойынша 10АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде, екінші бап бойынша 5АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.