Алматыдағы “Асыл арман” тұрғын үй кешенінен өрт шықты

0
793

Куәгерлердің айтуынша, қызыл жалынның шығуына темекі тұқылы себеп болған.


Алматыдағы “Асыл арман” тұрғын үй кешенінен өрт шықты

ERNUR.KZ. “Асыл арман” тұрғын үй кешеніндегі өрт темекі тұқылынан тұтанған. Балкондағы қызыл жалынды тұрғындар өрт сөндірушілер келгенше өздері өшірді, деп жазады Экспресс К.

Ғаламторда тараған видеодан балконның түгі қалмай жанып кеткенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, қызыл жалынның шығуына темекі тұқылы себеп болған.

Абырой болғанда адам шығыны мен түтінге уланғандар туралы ақпарат жоқ. Тұрғындар мен күзет қызметі өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды өз күштерімен өшірді.