Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

0
451

Автобус апатының кесірінен қос бірдей ата-анасынан айырылған жәбірленуші автобус жүргізушісінің де кінәлі екенін айтты


Алматыдағы автобус апаты: ата-анасынан айырылған жәбірленуші қатаң жаза талап етті

ERNUR.KZ. Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырыс өтуде, деп жазады baq.kz.

Автобус апатының кесірінен қос бірдей ата-анасынан айырылған жәбірленуші автобус жүргізушісінің де кінәлі екенін айтты. Сондай-ақ сотталушы Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті.

Бір күнде әкемнен де анамнан да айырылып қалдым. Бұл жағдайды жауыма да тілемеймін. Ата-анамның өмірде өтуіне себепші болған, оған қатысы бар адамдардың тиесілі жазасын алуын сұраймын. Кеше бейнебақылаудан да көрдік. Сотталушының көпірдің үстінен тоқта деп айтпағанын көрдік. Ол жерде жүргізушінің екі аялдамада есікті ашпай, ақыны төле деп талап еткенін байқауға болады. Бұл жағдайға екі адамның да кінәсі бар. Тергеуші бізге адвокат жалдамаңдар барлығы жазасын алады деген сөзге сеніп қалдық. Соттан барлығы әділ шешілгенін қалаймын. Бұл жерде Ахметжанов пен жүргізушінің де кінәсі бар. Мен бұл кісілерді кешіре алмаймын. Сотталушы Ахметжановтың қатаң жазалануын сұраймын, – дейді жәбірленуші.