Алматыдағы қонақүйде шетелдік қызды өлтіріп кеткен

0
657

Қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.


Алматыдағы қонақүйде шетелдік қызды өлтіріп кеткен

ERNUR.KZ. Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы мерт болды, деп жазады stan.kz.

Оқиға осы жылдың 20 сәуірінде Қарасай ауданында болған. Сағат 14:25 шамасында қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.

"Оқиға болған жерде тергеу амалдары жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларынан кейін 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полковнигі Бауыржан Аленов.

Қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "кісі өлтіру" бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу барысын өңірлік ПД басшылығы бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.