​Алматыдағы тиін Наурыз мейрамы қарсаңында безендірілді

0
1 855

22 наурызда бұл өнер туындының маңында мейрам тойланады.


​Алматыдағы тиін Наурыз мейрамы қарсаңында безендірілді

ERNUR.KZ. "Атакентте" орналасқан тиін Наурыз мейрамы қарсаңында безендірілді, - деп жазады Tengrinews.kz .

Енді тиін мүсінінің басында жасыл тақия бар, ал қолында бес метрлік қызғалдақ ұстап тұр.

Тұрғындардың бұл өнер туындысының безендірілуіне деген көзқарасы әр түрлі болды. Біреулер мұны қоштаса, басқалары автордың бұл идеясына таңданыс білдірді. Басқа біреулер болса, тиіннің қолындағы қызғалдақтың шынайы екеніне күмән білдірді.

22 наурызда бұл өнер туындының маңында мейрам тойланады. Ойын-сауық ретінде дәм татқызу жәрмеңкесі, диджейлік сет - халық музыкасы мен заманауи туындылардың қосындысы, ал ең басты оқиға ретінде отты шоу көрсетіледі. Ол түнгі сағат 21.00-де болады. Алматыдағы алып тиіннің тағдыры сәуірде шешіледі.

Осыған дейін Алматы қаласының Мәдениет басқармасының өкілдері тиін мүсіні жаңартылады деп мәлімдеген. Мүсіннің материалдары өзгеруі мүмкін екендігі хабарланды. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, қолөнер туындысының авторымен бұл жайлы келіссөздер жүргізілген.

Тиін мүсіні 2018 жылы бой көтерген. Алып тиін Алматының орталығында 23 миллион теңгеге салынған болатын. Осы уақытқа дейін көптеген қала тұрғыны оның алдында суретке түскен. Бұл мүсіннің авторы - ұлыбританиялық суретші Алекс Ринслер.