Алматыдағы заңсыз саудаланған "Барыс-4" көтерме сауда базары мемлекетке қайтарылады

0
560

Сот шешімі заңды күшіне енген соң, базар мемлекет меншігінде болады.


Алматыдағы заңсыз саудаланған

ERNUR.KZ. Сот Алматы прокуратурасының "Барыс-4" ірі сауда базарының үлесін сатып алу мәмілесін бұзып, мемлекетке қайтару талабын қанағаттандырды, деп жазады stan.kz.

"Найза-БН"ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату-сатып алу шартын бұзу бойынша талап қабылданды. Прокурор сауда орталығының бес есе төмен бағамен сатылғанын мәлімдеді. Ондай объектінің нарықтық құны 1,5 миллиард теңгені құрайды, ал ол 307 млн теңгеге сатылған. Осылайша, объектіні жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіріп, төмендетілген құны бойынша жүргізілгені анықталды. Яғни заңсыз жеңілдіктер жасалған.

Сот шешімі заңды күшіне енген соң, базар мемлекет меншігінде болады.

ЖШС басшысы Самат Нұршабаев соңғы екі жыл ішінде БАҚ-қа түрлі жағдайларды түсіндіріп, өзін нарық заңгері ретінде таныстырды. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, Самат Нұршабаевтан бөлек, ЖШС төрт атқарушы органнан тұрады: Қасенов Есенгелді, Беспаева Гүлнара, Болат Назарбаев және Махметов Мейірболат.

Болат Назарбаев – ҚР бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, ал Махметов Мейірболат – ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің қайын атасы.

Сонымен қатар, 2022 жылдың жазында экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия "Салтанат үйі" ЖШС атына объект төмендетілген құнымен сатылғанын анықтады. 2019 жылы нарықтық бағасы 3 миллиард теңге болатын ғимарат 601 миллион теңгеге берілген. 28 маусымда сатып алушы қалған 2,4 миллиард теңгесін өтеді.

Базар сатушыларының айтуынша, дәл осындай заңсыз жеңілдікті "Алтын орда" базарының әкімшілігі жүргізген. Ақпан айында сауда министрлігі "Алтын орда" базары Болат Назарбаевқа тиесілі екенін хабарлады.