Airbus A321 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:22-де Баку әуежайына аман-есен қонған.
ERNUR.KZ. Алматыдан Тбилисиге ұшып бара жатқан Air Astana ұшағы найзағай салдарынан Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қонды, деп жазады ulysmedia.kz.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Airbus A321 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:22-де Баку әуежайына аман-есен қонған.
Айта кетсек, бұдан бұрын мысырлық Red Sea әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болған.