Алматыға көлікпен кіру ақылы болады – Әукенов

0
1 272

Басқа амал жоқ.


Алматыға көлікпен кіру ақылы болады – Әукенов

ERNUR.KZ. Қалаға кіруді ақылы ету үшін, алдымен оған жағдай жасау керек. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қаланың қоғамдық кеңесі отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір әкімдік кіші айналма жолының құрылысымен айналысуда, ал үкімет – қала сыртындағы Үлкен Алматы айналма автожолының (БАКАД) құрылысын қолға алуда.

"Биыл мамырда БАКАД құрылысы басталады. Бұл аса ірі жоба, министрліктің ірі көліктік жобасы. Ол айналма жолы қала көшелеріндегі автокөлікті орта есеппен 12-15 пайызға азайтады. Қазір қалада күніне 850 мың автокөлік жүреді, бір БАКАД есебінен трафикті 100 мыңға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазір Райымбек пен Рысқұловпен жүретін үлкен жүк көліктеріне де қатысты, олар БАКАД-пен жүретін болады. Ия, БАКАД ақылы болады," – деп атап өтті Әукенов.

Кіші көліктік айналма жолы есебінен қалаға түсетін салмақты 12% азайту көзделген. Қазір Алматыда ондаған жолайрықтар салынған, БАКАД пен кіші айналманы байланыстыратын төрт радиалды бағыт түсетін болады. Әукеновтың айтуынша, Алматыдағы көлік реформасының нәтижесі ретінде қалағы кіру ақылы болуы тиіс.

"Бүкіл әлемде барлық көліктік реформалардың ақырғы нәтижесі қашан да қала кіруді ақылы етумен тынады. Барлық қалаларда – Дубай, Барселона, Париж, Лондон, Мадрид болсын – бәрі осыған тіреліп отыр. Қалаға көлікпен кіруді шектеу мәселесі. Одан басқа ешқандай жүйелі шешімді ешкім әлі таба алмады. Алматыға кіру ақылы бола ма? Меніңше, біз де түптің түбінде осыған келеміз. Бұл қаладағы көлікті тағы 30% азайтуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Алматы дегеніміз – 850 мың автокөлік. Оның 550 мыңы Алматыда тіркелсе, қалғаны күн сайын қалаға сырттан кіріп-шығатын көлік. Қазіргі міндет – жол айрықтарын салу мен жолдарды ұзарту. Үкіметтен қолдау таптық, бөлінген қаражаттың белгілі бір бөлігі жер телімдерін сатып алуға жұмсалуда. Алдағы екі-үш жылда біз қалаға түсетін көліктің салмағын кемінде 30%-ға азайту мәселесін шешеміз," – деп қосты ол.