Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.
ERNUR.KZ. Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп жазады Tengrinews.kz.
Алматы қалалық соты мәліметніше, Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады.
"19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды", - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.