Алматыдағы атыс: Қаза тапқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

0
1 168

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Алматыдағы атыс: Қаза тапқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен: Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.
Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;
"Ерлігі үшін" медалімен: Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) - Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы", - делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20-да Ақбұлақ шағынауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.