Алматыда атыс болған үйді Тұрғанов 15 млн теңгеге сатып алған

0
812

Баспананың бастапқы бағасы 29 миллион теңге болған.


Алматыда атыс болған үйді Тұрғанов 15 млн теңгеге сатып алған

ERNUR.KZ. Алматыдағы атыс кезінде бес бірдей адамның өміріне себепші болған Алатау ауданындағы баспана 2018 жылы аукционда 15 миллион теңгеге сатылғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Алатау аудандық сотының шешімімен 2019 жылы аумағы 224,3 квадрат метрлік зәулім үй Нұрахмет Тұрғановқа 15 296 840 теңгеге сатылыпты. Баспананың бастапқы бағасы 29 миллион теңге болған.



Үй иесі Анаид Демирчян бұл сауданы болдырмау үшін заңды түрде талап еткен.

Сондай-ақ тағы бір қызықты жайт анықталды. 5 жыл бұрын Нұрахмет Тұрғанов 2005 жылғы автобус көлігін аукцион арқылы ұтып алған. Ол 10 жыл жүрілген автобусты электронды аукцион арқылы небары 54 810 теңгеге сатып алған.




Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған.

Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

21 қыркүйекке қараған түні Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы жаппай кісі өлтіру болған Алматыдағы үйден бір отбасын шығару жағдайында атқарушылық өндіріс екі жеке тұлғаның дауы болып табылатынын мәлімдеген.