Алматыда атыс: Тоқаев банкке зиян тигізбей қарыз алушыларды қолдау шараларын қабылдауды тапсырды

0
828

Бүгінгі таңда Қазақстанда 540 мың адамның 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар.


Алматыда атыс: Тоқаев банкке зиян тигізбей қарыз алушыларды қолдау шараларын қабылдауды тапсырды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Алматыда болған атыс туралы пікір білдіре отырып, қарыз алушыларды қолдау шараларын қабылдау қажеттігін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Қыркүйек айында Алматыда мәжбүрлеп көшіру кезінде қоғамымызды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға орын алды. Бұл ешқандай ақтап алуға себеп жоқ қылмыс. Біз барлық мәселелер қатаң түрде заңға сәйкес шешілуі керек құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.Өз бетінше жаза құрастыруға ешкімнің құқы жоқ. Бұл қайғылы жағдай қарыз алушылардың қарыз міндеттемелерін орындамау мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігін, мүлікті алу мен іске асырудың жетілмегендігін, ашық еместігін, банктердің кепілге салынған жылжымайтын мүлікті дұрыс бағаламауын көрсетеді", - деді Қазақстан Президенті ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 540 мың адамның 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар. Жалпы көлемі – 354 млрд теңге. Осыған байланысты президент қаржы секторына нұқсан келтірмей қарыз алушыларды қолдау шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

"Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатының икемділігін қамтамасыз ету және бағалау қызметін реттеуді күшейту талап етіледі. Қарыз алушыға мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғанға дейін үш ай ішінде және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қосымша үш ай ішінде кепіл мүлкін дербес өткізу құқығы берілуге тиіс. Егер мерзімі өткен берешектің мөлшері оның бағалау құнының 15%-ынан аз болса, кепіл мүлкін өндіріп алуды шектеу қажет. Ал мерзімін өткізіп алу мерзімі 6 айдан аспауы керек", - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшамауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді.

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар Анаид Демирчан бұған дейін күйеуінің көгерген денесіне қатысты шағым түсірмекші болғаны жазылған.