Алматыдағы төтенше оқиға: әлеуметтік желіде атыс туралы ақпарат тарап жатыр

0
3 633

Желідегі мәлімет бойынша, 5 адам қаза тапқан.


Алматыдағы төтенше оқиға: әлеуметтік желіде атыс туралы ақпарат тарап жатыр

ERNUR.KZ. ІІМ баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығармады, алайда растаған да жоқ. Тексеріліп жатқаны хабарланды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде төтенше оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған. Ішкі істер министрлігі ақпаратты тексеріп жатыр.

Желідегі мәлімет бойынша, 5 адам қаза тапқан, оның ішінде, екеуі учаскелік полицей, бір сот орындаушы және екі қарапайым азамат бар.

Алайда полициядан ресми ақпарат әзірге жоқ.