Алматылық әйел 6 жыл қызмет еткен үй иесіне тонаушыларды айдап салды

0
1 006

Зейнеткерге шабуыл жасаған Алматы тұрғыны 8 жарым жылға сотталды


Алматылық әйел 6 жыл қызмет еткен үй иесіне тонаушыларды айдап салды

ERNUR.KZ. Алматыда қызметші әйел үй иесі – зейнеткердің байлығы туралы біліп, тонаушылық ұйымдастырды. Қарт әйел үйде жалғыз қалғанда, оны ұрып-соғып, 800 мың теңгеге тонап кеткен, деп жазады sputniknews.kz.

Қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралды. Әжей 2011 жылы қызметші әйелді жұмысқа алыпты. Алты жылдан соң зейнеткер оған ескі кір жуғыш машинаны сыйға тартпақ болады. Сыйлықты алуға қызметші әйелдің күйеуі келеді. Сол кезде ерлі-зайыпты қылмыс жасауға бел буған.

2018 жылдың қаңтарында қызметші әйелдің күйеуі сотталған адаммен ойындағысын бөліседі. Ол тонаушылыққа қатысуға келісе кетіпті.

Жәбірленуші пәтерде жалғыз өзі қалғанда, қызметші әйел, оның күйеуі және екі сыбайласы пәтерге басып кіреді. Сотталған ер адам тапанша алып шығып, әжейді соққыға жыққан. Ол сейфтің кілтін талап етсе де, зейнеткер бермей қояды. Сол кезде қылмыскер әжейдің мойнындағы алтын алқа мен үйдегі барлық қымбат затты тонап кеткен.

Сонымен, ер адам жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіріп, сондай-ақ материалдық шығын 795 мың теңге болды. Сот үкімімен сотталушы айыпты деп танылып, сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.