Алматылықтар Үмбетбай Уайдинді ақтық сапарға шығарып салды

0
1 846

Алматылықтар Жазушылар одағында жазушы,журналист Үмбетбай Уайдинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды «Қазақпарат».


Алматылықтар Үмбетбай Уайдинді ақтық сапарға шығарып салды

фото: inform.kz

Алматылықтар Жазушылар одағында жазушы,журналист Үмбетбай Уайдинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жазушымен қоштасуға ағайын-туыстары мен жазушылар, зиялы қауым мен Алматы тұрғындары жиналды. «Үмбетбай аға өлмейтіндей көрінетін. Себебі, қолынан келген жақсылығын аямайтын. Ажал ол кісіге де жетті. Үкең орны бөлек, ерекше адам еді. 58 жыл бірге жүрдік. Артында өшпес із қалдырды. Жазған шығармалары да адамдарды бауырмашылдыққа шақыратын. Ол шығармаларында үнемі адамды жақсылыққа үндейтін. Иманы саламат болсын», - деді жазушы Ахат Жақсыбаев Үмбетбай Уадинді ақтық сапарға шығарып салу қаралы жиынында. Жазушының қазасына байланысты «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев ағайын-туыстарына көңіл айтып, жедел хат жолдады. Жазушы, журналист Үмбетбай Уайдин 1 наурыз күні 83 жасқақараған шағында өмірден озды.