Алматылықтарды жер сілкінісі аз аймақтарға көшіру керек пе

0
464

Бұған дейін сейсмологтар 2024 жылға арналған жер сілкінісінің болжамын жариялаған.


Алматылықтарды жер сілкінісі аз аймақтарға көшіру керек пе

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарды жер сілкінісі қаупі аз аймақтарға көшіру керек пе деген мәселеге қатысты айтты, деп жазады zakon.kz.

Ол Алматының 9-10 балдық аймақта орналасқанын, шын мәнінде қаладағы барлық ғимараттар мен құрылыстардың қауіпті аймақта екенін атап өтті.

"Олар жай ғана жер сілкінісіне төзімді құрылыс нормаларын сақтауы керек. Тұрғындарды қала маңындағы елді мекендерге көшіру - шындыққа жанаспайтын идея, тек сейсмикалық нормаларға сай құрылыс салу керек", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Бұған дейін сейсмологтар 2024 жылға арналған жер сілкінісінің болжамын жариялаған, сонымен қатар Қазақстанда 14-15 ақпанда болатын жер сілкіністері туралы жаңа "болжамға" түсініктеме берген болатын.