"Алматыметроқұрылыс" директорлар кеңесінің төрағасы ұсталды

0
768

Адвокат қорғалушысының екі немесе үш тәулікке қамалуы мүмкін екенін айтады.


ERNUR.KZ. "Алматыметроқұрылыс" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов ұсталды. Бұл мәліметті оның адвокаты Әлімжан Оралбай растады, деп жазады Тengrinews.kz.

Адвокаттың айтуынша, Реимов кеше, 27 қарашада таңғы уақытта ұсталған. Ол тергеушінің әзірше бұлтарпау шарасын таңдау туралы өтініш білдірмегенін айтты.

Оралбай қорғалушысының екі немесе үш тәулікке қамалуы мүмкін екенін айтады.

Еске салайық, осыған дейін "Алматыметроқұрылыс" жұмысшылары "Сарыарқа" станциясына жиналып, метро құрылысы тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.