Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды

0
578

Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.


Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды

фото ғаламтордағы ашықдереккөзден

Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды", - делінген хабарламада.

ДСМ аппараты басшысының бұйрығымен 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқару Департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббароваға жүктелген. Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.