Алты баланың анасын өлімші етіп сабаған – полиция күдіктіні ұстады

0
483

Бұған дейін әлеуметтік желіде біреудің 6 баланың анасын зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады.


Алты баланың анасын өлімші етіп сабаған – полиция күдіктіні ұстады

ERNUR.KZ. Қаскелең қаласында көпбалалы ананы өлімші етіп сабаған ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде біреудің 6 баланың анасын зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады. Оны өлімші естіп сабап тастады, көк бауырын езіп жіберді. Қылмыскердің қамауға алынбағаны туралы жазылды.

Ішкі істер органдары осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратты. Оған сәйкес, 27 қыркүйек күні Қарасай аудандық полиция бөлімшесіне Қаскелең қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне 35 жастағы әйелдің жатқызылғаны туралы мәлімет келіп түскен.
"Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.