"Алтын белгі" иегеріне қатысты сот үкімі шықты

0
1 372

"Алтын белгі" иегері Бекзат Кеңшілік соңғы сөзінде айыбын мойындап, марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады


ERNUR.KZ. Ақтөбеде биыл мектеп бітіріп, "Алтын белгі" алған түлек тоғыз жылға сотталды. Облыстық физика-математика мектеп-интернатының үздік түлегі 17 жастағы Бекзат Кеңшілікке қатысты үкімді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 қазан күні шығарды, деп жазады azattyq.org.

Тергеу 17 жастағы Бекзат Кеңшілікті "кісі өлтірді" деп айыптаған. Іс материалдарына қарағанда, соңғы қоңырау салтанатына арналған шарада "Алтын белгі" иегері Бекзат Кеңшілік пен Ақтөбедегі №19 мектеп түлегі Азат Дүсіпов шекісіп қалған. Түлектер 17 маусым күні қайта кездесіп, Бекзат Кеңшілік Азат Дүсіповке пышақ сұғып алған. Ауыр пышақ жарақатын алған Азат ауруханада жан тапсырды.

"Алтын белгі" иегері Бекзат Кеңшілік соңғы сөзінде айыбын мойындап, марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады. Сотталушының ата-анасы сот үкімін тым қатаң деп санайды. Олар сондықтан сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек.

Сотталушы 18-ге толмағандықтан жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түрмеде өтейді.