Қылмыстық топ «Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 килограмм алтынды тасымалдамақ болды.
ERNUR.KZ. Алматыда аса ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп жазады inbusiness.kz.
«Қылмыстық әрекетті Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Алматы қ. ҰҚКД бірлесіп тоқтатты. Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің «Алматы-Анталия» әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеге жалпы салмағы 3,1 кг бірнеше алтын құймаларын тасымалдауға тырысқаны анықталды»,– деп жазылған хабарламада.
Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектескен.
«Сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Екі ұйымдастырушыға әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды»,– дейді агенттіктен. Тәркіленген алтын мемлекет есебіне өтті.