Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, "Алтын орда" базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинауды ұйымдастырған.
ERNUR.KZ. "Алтын орда" базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды, деп жазады exk.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетовтың айтуынша, өткен жылдың соңында полиция қызметкерлерінің базарда заңсыз қызметпен айналысқаны белгілі болған.
Олар лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалана отырып, "Алтын орда" базарында жалпы қамқорлығы және қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен алшақтатқаны үшін сауда қызметкерлерінен ақша жинауды ұйымдастырған.
Осылайша базар аумағында әлеуметтік шиеленіс туғызған.
"Полицейлердің бірі атыс қаруын қолдану арқылы антикор қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен 3 учаскелік полиция инспекторының 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді", дейді Серік Орымбетов.