"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

0
1 498

Алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен.


ERNUR.KZ. Алматы облысында "Алтын Орда" базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен. Оған сотталушының адвокаттары мен туыстары қатысты. Айта кетейік, Ермектің өзі сот залында болмады, ол процеске онлайн қосылуға мәжбүр болған. Алайда айыпталушы хабарласа алмағандықтан, сот отырысын басқа күнге ауыстыруға тура келген.

"Ол қазір Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Әйелі үнемі сонда және осында, балаларымен бірге болуға мәжбүр. Бұл қазір отбасымыз үшін үлкен мәселе. Ал оған тағылған айып мүлдем қисынсыз", - деді сотталушының әпкесі Жұлдыз Марқабаева.

Марқабаевтың қорғаушыларының айтуынша, полиция тергеу барысында көптеген заңбұзушылықтарға жол берген.

"Соталды тергеп-тексеру барысында полиция қылмыстық заңнамаға қатысты көптеген процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді. Бізді тіпті айыптау актісімен де таныстырған жоқ. Белсенді қорғаныс шебінен айырды. Көптеген өтініш жазғанымызға қарамастан, полицейлер істі бірден сотқа беруді ұйғарды", – дейді адвокат Динара Жұбатова.