"Алтынкөл" кеден бекетінің 17 қызметкері сотталды

0
1 276

Айыпталушылар тағылған айыпталды мойындамады.


ERNUR.KZ. "Алтынкөл" кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 адам сотталды. Үкім 31 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында оқылған, деп жазады azattyq.org.

Сот үкімі екі аптадан кейін күшіне енеді. Осы аралықта айыпталушылардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

ҰҚК 2018 жылы ақпанда арнайы операция жүргізіп, Алматы облыстық "Алтынкөл" кеден бекетінде сыйбайлас жемқорлық істі әшкерелегенін хабарлаған еді. ҰҚК кеден бекетінен 116 мың доллар және 4,3 миллион теңге заңсыз ақша тапқанын мәлімдеген.

Айыпталушылар тағылған айыпталды мойындамады.

2014 жылы Қазақстанның "Қорғас" кеден бекетіндегі жемқорлық ісі бойынша 45 адам сотталған.