Ұшақ апатқа ұшырап, кейін өртенген.
ERNUR.KZ. АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Комиссия апатқа қатысты тергеу жүргізеді, деп жазады tengrinews.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында болған. Тіркеу нөмірі UPA0141 әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі.
Ұшақ апатқа ұшырап, кейін өртенген. Бортта ұшқыш болғаны айтылды. Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылған, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
"Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі", - делінген хабарламада.