АӨСШК келесі саммиті 2026 жылы өтеді

0
1 251

Айтуынша, АӨСШК саммиттері ережеге сәйкес әр төрт жыл сайын өтеді. Министрлер кездесуі де төрт жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.


АӨСШК келесі саммиті 2026 жылы өтеді

ERNUR.KZ. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің жетінші саммиті төрт жылдан кейін өтеді. Бұл туралы кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, АӨСШК саммиттері ережеге сәйкес әр төрт жыл сайын өтеді. Министрлер кездесуі де төрт жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.
"2024 жылы министрлер кездесуі, тиісінше, 2026 жылы кезекті саммит өтеді", - деді Сарыбай АӨСШК алтыншы саммитінен кейін журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
Айта кетері, бұған министрлер кездесуі 2020 жылы өткен болатын.