Аптап ыстықта шеруге шығуға мәжбүр болған оқушылардың жағдайы нашарлап кетті

0
949

​​Балаларға таңғы жетіде облыстық тарих-өлкетану мұражайына жиналу керектігі айтылған. Шеру сол жерде басталып, орталық көпірмен алаңға дейін жүріп өткен. Шеру сағат 09:30-да басталған.


Аптап ыстықта шеруге шығуға мәжбүр болған оқушылардың жағдайы нашарлап кетті

ERNUR.KZ. Атырауда 20-дан аса оқушы балаларды қорғау күніне орай жасалған шеруде өзін нашар сезінді, деп жазады Stan.kz.

«Шеру кезінде күн ыстық болған соң 22 баланың жағдайы нашарлап кетті, басы сәл айналды. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ. Балалар үйіне кетті. Біз білім саласында жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің арасында жағдайдың анық-қанығын анықтап жатырмыз. Жауапты адамды тауып, тиесілі шараларды қолданамыз», — деп хабарлады әкімдікте.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, балаларға біреу таңғы жетіде облыстық тарих-өлкетану мұражайына жиналу керектігін айтқан. Шеру сол жерде басталып, орталық көпірмен алаңға дейін жүріп өткен. Шеру сағат 09:30-да басталған.

Қала тұрғындарына күннің қатты ыситыны хабарланған. Қазір Атырауда температура 36 градустан жоғары.