Арал теңізінің ғарыштан түсірілген фотосы адамзаттың аянышын тудырды

0
3 633

ERNUR.KZ. Ресей ғарышкері Антон Шкаплеров Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп «инстаграмдағы» парақшасына салған. Суреттің астына «Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бұрынғы тұзды көл. 1960-жылдарға дейін аумағы жағынан жер бетінде төртінші болған. Алайда бұл күндері теңіз суы тым тартылып кетті... Арал теңізін «көл» деп қателескен жоқпын», - деп жазған.


Арал теңізінің ғарыштан түсірілген фотосы адамзаттың аянышын тудырды

ERNUR.KZ. Ресей ғарышкері Антон Шкаплеров Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп «инстаграмдағы» парақшасына салған. Суреттің астына «Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бұрынғы тұзды көл. 1960-жылдарға дейін аумағы жағынан жер бетінде төртінші болған. Алайда бұл күндері теңіз суы тым тартылып кетті... Арал теңізін «көл» деп қателескен жоқпын»,-деп жазған.

Каспий секілді көне теңіздің қалдығы болған Аралдың ғарыштан түсірілген суреті адамзаттың аянышын тудырды. Ғарышкер жариялаған Аралдың суретіне көпшілік өз пікірін қалдырыпты. Соның ішіндегі ivantevka деген инстаграм қолданушысы: «Қазір олар (Қазақстан - ред.) теңіздің қалған бөлшегін көз қарашығындай сақтап келеді» деген пікірін қалдырыпты.