Жанжалдың барлық қатысушылары уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, олардың алкогольдік мас күйінде болғаны расталды.
ERNUR.KZ. Түн ортасында полицияға Естай көшесіндегі түнгі мекеменің жанында келушілер ішімдік ішіп, жаппай төбелес бастағаны туралы хабарлама түскен, деп жазады Pavlodarnews.kz.
"Келген бойда тәртіп сақшылары мұнда қыздардың да қатысқанын анықтады. Жанжалдың барлық қатысушылары уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, олардың алкогольдік мас күйінде болғаны расталды. Барлық тәртіп бұзушылар ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарға мас күйінде келгендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.Полицияда мұндай төбелестердің көбі түнгі уақытта және мас күйінде болатынын айтады.
"Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі түнгі бардың жанында екі демалушы бір қорап темекі үшін жанжал шығарған. Дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері ауыр салдарға әкелетін жағдайға жол бермеді. Тәртіп бұзушылар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 440 және ҚР ӘҚБтК 434-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді Ренат Шәріпов.