Ардагерлердің жаңа санатына бойынша жәрдемақы алуға қандай құжат өткізу керек

0
909

Жеке куәлік, басқа мемлекеттің аумағындағы әскери қимылдарға қатысқанын растайтын әскери комиссариаттан анықтама болуы тиіс.


Ардагерлердің жаңа санатына бойынша жәрдемақы алуға қандай құжат өткізу керек

ERNUR.KZ. Ардагерлердің жаңа санаттарына енген азаматтар жәрдемақы алу үшін қандай құжаттарды өткізуі керек? Құжаттар тізімі жайлы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ардагерлердің жаңа санатына енген азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін не істеу керек? «Ардагерлер туралы» заңға қол қойылғаннан кейін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін олар Халыққа қызмет көрсету орталығына бару міндетті. Қолыңызда жеке куәлік, басқа мемлекеттің аумағындағы әскери қимылдарға қатысқаныныңзды растайтын әскери комиссариаттан анықтама болуы тиіс», - деді Ерлан Әукенов.

Вице-министрдің айтуынша қазіргі таңда Қазақстанда төрт бітімгерлік миссияға қатысқан 11 мыңға тарта азамат бар.

Айта кетсек бұған дейін Ерлан Әукенов Қазақстанда ардагерлердің жаңа санаттарына енген азаматтарға қандай жәрдемақы берілетінін айтып берген болатын. Ардагерлердің жаңа санаттарына енген азаматтарға ай сайын 4,8 АЕК көлемінде, яғни 13 435 теңгелік арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау ұсынылып отыр. Сонымен қатар оларға бұрын көрсетіліп келген жеңілдіктер мен кепілдіктер күшінде қалады.