Арқардан төл алам деп бәлеге қалды

0
4 132

ШҚО тұрғыны арқардан төл алам деп істі болды


Арқардан төл алам деп бәлеге қалды

ERNUR.KZ. Зайсан ауданында арқарды қолға үйретпек болған ауыл тұрғыны ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

26 қыркүйек күні полиция капитаны Дәурен Мәукенов өзіне тиесілі аумақты аралап жүріп, 55 жастағы тұрғынның қорасынан арқар көреді.

«Тұрғын арқарды осыдан бір ай бұрын әкелгенін, қорадағы қойының нәсілін сапалы ету үшін арқармен шағыстырмақ болғанын мойындаған. Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз ұстағаны үшін ауыл тұрғынына қарсы сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратында.

Заңсыздыққа жол берген тұрғынмен қатар арқардың да тағдырын сот шешпек.