Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзарды

0
2 728

Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші бар.


Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзарды

ERNUR.KZ. Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген және тіркеу шарттары дұрыс 20 мыңнан аса көлік есепке қойылған. Көлігін тіркей алмаған мыңнан аса жүргізуші бар.

«Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен карантин шектеулерінің ұзаққа созылуына байланысты енгізілген мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінен автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады. Кейбір автокөлік иесі де карантинге байланысты қайта жабдықталған автокөлігін зертханаларда уақытылы сынақтан өткізе алмады, себебі олар кей өңірде жұмыс істемейді», - делінген хабарламада.

Үкімет мұндай көліктерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартуды ұйғарды (Үкіметтің №104 қаулысы). Бұдан басқа, Қазақстанда тіркеуден өткен осындай автомобиль иелерін Арменияда салықтан босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтіп жатыр. Бұл шаралар автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) «екі рет» салық төлеуден босатуға бағытталған.