Армениядан жеткізілетін көліктер туралы сарапшылар не дейді?

0
1 721

Сарапшылардың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында көлік сатып алу оңай болғанымен, кейін ол біраз әуреге түсіруі мүмкін.


Армениядан жеткізілетін көліктер туралы сарапшылар не дейді?

ERNUR.KZ. Армениядан жеткізілген көліктер күн өткен сайын елімізде көбейіп келеді. Сарапшылардың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында көлік сатып алу оңай болғанымен, кейін ол біраз әуреге түсіруі мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

Арзан бағамен сатылатын Армения көліктері туралы хабарландырулар осыдан бірнеше ай бұрын шыға бастаған. Қазір түрлі сайттарда Армениядан жеткізілген 400-ге жуық көлік сатылымға қойылған.

Мамандардың сөзіне қарағанда, шетелдік көлікті қайта сата алмайсыз, техникалық бақылаудан да өткізу қиынға түседі. Айтуларынша, көлікті сатып алушылар негізінен, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында көп көрінеді. Ал Алматы қаласында жаппай сатып алу әзірге байқалмайды екен.

"Армениядан әкелінген көлікті біраз айдауыңыз мүмкін. Бірақ бірнеше жайтты ескеру қажет. Еліміздегі тәртіп сақшылары көлікті тексергенде техникалық бақылауды талап етері сөзсіз. Ал сіз оны жыл сайын қайдан өтесіз? Ол жаққа барып-келудің өзі оңай емес. Екінші мәселе, ол көлікті мұнда сата алмайсыз. Ресейден келетін көліктер секілді сенімхат арқылы сатуға болады. Бірақ көлік алғашқы иесіне тиесілі болып қала береді", - деді сарапшы Алексей Алексеев.