Министр бұл жайында 2023 жылғы 8 желтоқсанда өткен брифингте айтты.
ERNUR.KZ. АрселорМиттал Қарағанды облысын дамытуға 16 млрд теңге береді. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп жазады zakon.kz.
Министр бұл жайында 2023 жылғы 8 желтоқсанда өткен брифингте айтты.
"Тағы бір маңызды жайт, АМТ "Қазақстан халқына" қорына 16 млрд теңге көмелінде қомақты қайырымдылық жасайды. АМТ-дан түсетін қаражат Қарағанды облысы мен Теміртаудағы білім және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталады. Қаржының 50 пайызы Теміртауға, 50 пайызы Қарағанды облысына беріледі", – деді Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғанын хабарлаған едік.