​Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық спортты дамытудағы кедергілерді атады

0
2 069

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда бұқаралық спорт түрлерін дамытуда қандай кедергілер барын айтты.


​Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық спортты дамытудағы кедергілерді атады

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда бұқаралық спорт түрлерін дамытуда қандай кедергілер барын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен бұқаралық спорттың дамуына теріс әсерін тигізіп жатқан мәселелер туралы айта кетейін. Бірінші әрі ең маңызды мәселелердің бірі – спорт инфрақұрылымының халық санына сай жетіспеуі. Спорт инфрақұрылымының өсуі - негізінен жаттығу алаңдарын салу есебінен байқалады. Ал жабық спорт құрылыстардың саны республика бойынша, әсіресе ауылды жерлерде әлі де жетіспейді. Мысалы, мектептердің жанындағы спорт залдар тек сабақ өткізу үшін қолданылады. Елімізде барлығы дене шынықтыру залдары бойынша 1,5 млн шаршы метр мөлшерінде қажеттілік бар», - дейді министр Үкімет отырысында.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы спорттық нысандардың құрылысындағы оң динамиканы ескермей кетуге болмайды.

«Бұл ретте, «Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Каратэ әр аулаға» бағдарламасы аясында өз қаражаты есебінен Қарағанды, Ақтау, Павлодар қалаларында салған спорттық кешені бар балаларға арналған спорттық-сауықтыру алаңдарының құрылысын атап өткен жөн. Сондықтан, халықты спортпен жаппай шұғылдануға тарту қажет. Осы арқылы «Спорт әр аулаға» жобасымен спорттық кешені бар балаларға арналған спорттық-сауықтыру алаңдарының жаппай құрылысы бойынша шаралар қабылдау арқылы жұмысты күшейтуді ұсынамыз», - деді ол.