Бұл алдын ала берілген мәлімет. Шамамен 15 шілдеде нақты цифрды жариялайтын боламыз. Қазір ол арада бағалаушылар жұмыс істеп жатыр - Беккер
ERNUR.KZ. Арыс қаласын қалпына келтіру үшін шамамен 20 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдай комитенінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.
"Әу баста, 7600-ден астам үй бүлінді деген дерек болған. Кешегі есептеу бойынша, 8 мың үйдің, яғни есепке келсек, шамамен 6 мыңнан астамы бүлінгені анықталды, бірақ бұл соңғы цифр емес. Шығын көлемі - шамамен 20 млрд теңгеге таяу. Бұл цифр өзгеруі де мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, осындай болжам бар. Бағалаушылар әлі де есеп жүргізіп жатыр. Бұл алдын ала берілген мәлімет. Шамамен 15 шілдеде нақты цифрды жариялайтын боламыз. Қазір ол арада бағалаушылар жұмыс істеп жатыр", - дейді Владимир Беккер.
Сондай-ақ ол бүлінген немесе түгі қалмаған үйге қатысты да нақты цифрды бере алмайтынын мәлімдеді.
"Бүлінген үйлердің барлығы қалыпқа келтіріледі. Елбасы ондағы барлық қару-жарақ арсеналын алып кетуді тапсырған. Қазір ол жұмыс іске асып жатыр. Сондықтан бұл арада ешқандай қауіп жоқ", - деп түйіндеді сөзін ол.