Ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek-ке хабарлауға болады

0
1 151

Орталықты хабардар етудің тәсілдері төмендегі мақалада жазылған


Ашық құдықтар туралы ақпаратты iKomek-ке хабарлауға болады

Орталықты хабардар етудің бірнеше тәсілі бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына ашық құдықтар мен құдық қақпақтарының сынғаны туралы ақпаратты жіберуге болады», - делінген орталықтың хабарламасында.

Ақпаратты iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жолдауға болады: 109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін); хабарламаны Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-ботына жіберу, өтінішті әкімдіктің astana.gov.kz сайтына жолдау.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109, #ҚалалықiKomekмониторингжәне жеделәрекететуорталығы, #109 #astana109 #ЖеделӘрекетету, #Пайдалы Ақпарат, #ҚалаБүгін, #БізЕлордадағыЫңғайлыӨмірҮшін, #Астана #Астанада #Астана109 #Ikomek #Ikomek109 #Ikomekastana #Елордадағыоқиғалар хештегтерімен белгілеуге болады.