Асқар Бегманов Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

0
1 120

Асқар Бегманов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.


Асқар Бегманов Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Асқар Бегманов Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп жазады zakon.kz.

"ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов берілген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Асқар Бегманов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық мамандықтар институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі көмекшісі болып бастады.

1999-2000 жылдары Алматы облыстық әділет басқармасында (Талдықорған қ.) жұмыс істеді.

2001-2003 жж. – Алматы қаласы Әуезов аудандық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі.

2003-2007 жж. жеке меншік ұйымдарда жұмыс істеді.

2007-2008 жж. – "ҚазМұнайГаз Сауда үйі" АҚ Шарттар мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас заңды кеңесшісі.

2008-2009 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Кадр жұмысы басқармасының бастығы.

2009-2010 жж. – ҚР Премьер-минстрінің Кеңсесі ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2010-2012 жж. – СҚО Есіл ауданының әкімі.

2012-2013 жж. – СҚО әкімі аппаратының басшысы.

2013-2014 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2014 ж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2015 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары.

2015-2018 жж. – СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2020-2021 жж. – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

2021 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде департамент директоры болды.

Ал 2022 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалған еді.