Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады, - деп tengrinews.kz.
25 сәуірде Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық саладағы, инвестициялық ынтымақтастықтағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, көлік-транзит саласындағы, ғарыш қызметіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және арттыру, шекара маңы ынтымақтастығын және аймақаралық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.
"Екі ел арасындағы ашық сенімді қатынастар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Владимирович Путиннің стратегиялық бағдарына сүйене отырып, барлық салада қарқынды дамып келеді", - деді ҚР премьер-министрі.
РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведев ҚР премьер-министрінің Мәскеуге сапарының бірқатар стратегиялық міндеттерді талқылап, шешудегі, тек екіжақты форматта емес, сондай-ақ ЕАЭО аясында күн тәртібінде тұрған ауқымды бағдарламаларды іске асырудағы маңызын атап өтті.
"Ресей - Қазақстанның басты сауда серіктесі", - деп Аасқар Мамин, "сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейтіп, екі мемлекеттің іскерлік орталары арасында тікелей байланыстарды орнатып, үшінші елдердің нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет" екенін айтты.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 17,6 миллиард доллар болды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен 7,2 пайызға жоғары. Қазақстан Үкіметінің инвестициялар тарту бойынша қабылдаған жаңа шаралары тұрғысынан ҚР мен РФ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ұлғайту жөнінде пікір алмастырылды."Жаңа тәсілдер инвесторлар үшін, соның ішінде ресейлік серіктестер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды", - деп А. Мамин, "Астана" халықаралық қаржы орталығының ЕАЭО аясында қаржылық бірлесу үшін, шетелдік инвестицияларды тартып, Еуразия аймағының капитал нарықтарын дамытып, ілгерілетуге үлкен перспективалары бар екенін айтты.
Ынтымақтастықтың табысты мысалы ретінде биыл сәуір айында АХҚО Биржасында "Полиметалл" ресейлік компаниясының қарапайым акцияларын орналастыруды айтуға болады. Тараптар сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудегі Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның рөлін атап өтті. ҮАК кезекті отырысы биыл маусым айында Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.
ҚР премьер-министрінің РФ-ке жұмыс сапары аясында, Қазақстан Үкіметінің басшысы А. Мамин мен Ресей Үкіметінің басшысы Д. Медведевтің қатысуымен КАМАЗ көлік жабдықтары маркасы үшін техника және құрамдастарын өндіру жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары А. Морозов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержанов, "КАМАЗ" ААҚ бас директоры С. Когогин, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті А. Лаврентьев, "БРК-Лизинг" АҚ басқарма төрағасы Н. Байбазаров, "Tobolkz" ЖШС басқарушы директоры Д. Шүкіжанова қол қойды. "Агромашхолдинг KZ" АҚ-да "Кировец" маркасының тракторлары мен оның құрамдас бөлшектерін өндіруді ұйымдастыру" жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына "Агромашхолдинг KZ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А. Лаврентьев пен "Петербург трактор зауыты" АҚ директоры С. Серебряков қол қойды. "Кировец маркалы тракторларды және оның құрамдас бөліктерін өндіруді ұйымдастыру" жобасын "Агромашхолдинг KZ"-да жүзеге асыру жөніндегі жол картасына "Агромашхолдинг KZ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А. Лаврентьев пен директор "Петербург трактор зауыты" АҚ директоры С. Серебряков қол қойды.