Әскерде жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін

0
612

Жанна Асанованың айтуынша, сарбаздарға қомақты несие рәсімделген жайттар кездескен.


Әскерде жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Депутат әскерде жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп жазады baq.kz.

Жанна Асанованың айтуынша, сарбаздарға қомақты несие рәсімделген жайттар кездескен.

Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға несие алуға тыйым салуды ұсынамын. Өйткені сарбаздардың атына қомақты несие рәсімделген жайттар кездесті. Мұның неліктен орын алу себебін де білеміз. Каспи қосымшасымен оны жасау өте оңай. Бізде әлімжеттік бар. Қоғамда әлімжеттік тек әскерде ғана емес. Ол мектептен басталады. Балалардың өзінде түрлі жайттар орын алуда. Жәбір көрсету мектепте де, жоғары оқу орындарында да көп. Зорлық-зомбыдық – үйдегі психологиялық жағдай, стрестен басталады. Әскерге ЖОО-на түсе алмай қалған адамдар барады. Проблема бар ма? Яғни ол бойындағы қалған сол артық күшті әскерде көрсете бастайды. Осы жерде әлсіздерге күш көрсету басталады. Әскери қызметшілердің әскердегі мұндай қылмыстарды жасырғаны үшін жауапкершілік артуы тиіс, - деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар ол бұған дейін айтылып жүрген сарбаздарға «кредиттік каникул» беруге қатысты айтты.

Несиеге батуға қатысты банктермен меморандум қойылғаны айтылды. Бірақ меморандум декларациялық сипатқа ие. Оны құқықтық алаңға шығарып, заңнамалық тұрғыда әскердегі қызмет кезінде несие төлемеу құқығы деп бекіту керек, - деді Жанна Асанова.