Әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы: Тағы бір күдікті ұсталды

0
911

Жедел-тергеу тобы Абылай Балғынбайдың сыбайласы - тағы бір фигурантты анықтады.


Әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы: Тағы бір күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жедел-тергеу тобы Абылай Балғынбайдың сыбайласы - тағы бір фигурантты анықтады. Мәлім болғандай, ол А.Балғынбайдан ақшаға екі пистолет сатып алған. Олар кейіннен тәркіленді. Ату құралын не үшін сатып алғаны, сондай-ақ жасалған қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, біраз қару-жарақты ұрлап кеткен болатын. Сол күні ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Кейін Абылай Балғынбайдың екі сыбайласыұсталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «аталған қарудан ешкімге залал келтірілмегенін « атап өтті.